Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясының мүшелері Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев, Жомарт Датқаев Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Нұрлы жол ауылында болып, тұрғындармен жүздесті. Басты мақсат – аудан орталығынан шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру, ұсыныс-пікірлерін тыңдау. Негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саналатын елді мекен тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелердің де басым бөлігі аграрлы салаға қатысты болды.
Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамыту мақсатында Мақтаарал ауданының шекара маңындағы орналасу әлеуеті мен артықшылықтарын тиімді пайдалана отырып «Nur Otan» партиясы ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің жаңа объектілерін ашу үшін жағдай жасауға, аудандағы шаруа қожалықтарына берілетін ағын судың баға тұрақтылығын сақтап, арзандатуға, сонымен қатар, 2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен шамамен 10 өңдеуші кәсіпорын ашуға ықпал етуді сайлауалды бағдарламасына енгізгенін айтқан үміткерлер жоспар толықтай жүзеге асса 2025 жылға дейін 8 мыңнан аса жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейін 5,1%-ға төмендетуге, орташа айлық жалақы 187 мың теңге төңірегінде болатынын да қоса жеткізді.
Кездесу соңында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлардың барысына жақсы баға берген Нұрлы жол ауылының тұрғындары 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, бірауыздан дауыс беруге уәде етті.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді