Атырауда түнде базар өртеніп, оны сөндіруге 150-ден аса адам жұмылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 19 желтоқсанда сағат 01.41-де Атырауда «Дина» сауда базарының аумағында жалпы ауданы 3 420 шаршы метр өрт шыққан.
Өртсөндірушілер оқиға болған жерге келгенде, сауда базары толықтай отқа оранғаны анықталған.
«Өрт сағат 04.25-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зарап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖ департаменті (63 қызметкер, 11 дана техника), «Өрт сөндіруші» АҚ (3 қызметкер, 1 бірлік техника), Полиция департаменті (50 қызметкер, 20 бірлік техника), 5546 әскери бөлімі (52 әскери қызметкер, 3 бірлік техника) жұмылды», — делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.