Коронавирус жұқтырған Украина президенті Владимир Зеленский ауруханада емделіп жатыр, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк айтты.
«Барлығы қатаң түрде хаттамамен реттеледі. Олар (Зеленский және президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак-ескерту) Теофанияда. Онда арнайы жабдықталған кабинет бар. Президент онда жиналыс өткізе алады. Ол оқшауланған палатада жатыр, әрі оның арнайы байланысы бар», — дейді Подоляк «Украинская правда» басылымына берген сұхбатында.