#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Коронавирус жұқтырған 340 бала бақылауда — Министрлік

Қазақстанда COVID-19 диагнозы расталған 3164 бала тіркелді. Оның 114-і жаңа туған нәрестелер.

Қазақстанда COVID-19 диагнозы расталған 3164 бала тіркелді. Оның 114-і жаңа туған нәрестелер. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, коронавирус бойынша балалар өлімі тіркелген жоқ.

«Бүгінде коронавирус жұқтырған 340 бала бақылауда, оның ішінде: жаңа туған нәрестелер — 3, 28 жастан 18 жасқа дейінгі балалар — 337, ауруханаға жатқызылған — 55, амбулаторлық емде — 285.

Жеті балаға вирустық пневмонияға тән белгілері бар COVID-19 асқынуы диагнозы қойылды, 3 пациентте пневмония негізінен бактериялық сипатта болды», — деді министрлік өкілі.

Сырқаттану өсімі барлық өңірде байқалып отыр — ДСМ

Еске салайық, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 113 741-ге жетті. 106 893 адам жазылды, 1 857 адам қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар