#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкенттегі «QYRGY BAZAR» жаңғырту жобасы аясында ауқымы кеңеюде

Жерасты автотұрақтары, жеке павильондар мен хамам моншасы – жаңарған «QYRGY BAZAR» аумағында осының барлығы болады.

Жерасты автотұрақтары, жеке павильондар мен хамам моншасы – жаңарған «QYRGY BAZAR» аумағында осының барлығы болады.
Көтерме және бөлшек сауда орталығы ретінде қызмет көрсететін «Қырғы базарда» бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.
Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен базар алдына гүлзар салынған. Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай туғызып отыр.
Жаңғырту жобасына сәйкес, базар аумағы 30 мың шаршы метрден 85 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылмақ. Оған 5 млрд. теңге инвестиция салынады.
Жоба бойынша базарда үш қабатты және бес қабатты сауда павильондары болады. Олардың әрбірінде жерасты автотұрағы қарастырылған.
Инвесторлардың айтуынша, тауардың әрбір түріне жеке аймақ бөлінеді. Кептірілген жемістер, кондитерлік өнімдер, көкөніс, сүт және нан өнімдері бар сөрелер орталық алаңның айналасында орналасады. Ал, жеке павильондарға тұрмыстық техника, құрылыс материалдары және үйге қажетті басқа да тауарлар қойылады.
Сондай-ақ, жүк сақтау камералары, қоймалар, хамам моншасы, балалар алаңы, 600 орындық автотұрақ, тіпті қонақ үй үшін де орын қарастырылған.
Келер жылы жаңа базардың 40 пайызы пайдалануға берілсе, 2023 жылы жұмыс толығымен аяқталады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар