#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мақтаралда тегін дәріханалар ашылды

Қос кентте мұқтаж жандарға арналған дәріхананың ашылғанын естіген аудан тұрғындары үйлерінде сақтау мерзімі өтпеген, пайдаланылмаған дәрі-дәрмектерін де өткізіп жатыр.

Жыл басынан бері белең алып келе жатқан covid19 пандемиясы жұртшылықтың жүрегіне үрей ұялатып, қорқыныштың дәнін септі. Оған бүгінде вирустық пневмания індеті қосылып, елде карантиндік режим жарияланды. Барлық мекемелерде шектеу шаралары енгізіліп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жандар табысынан айырылды.

Орын алған жағдайға байланысты табысынан айырылған отбасыларға қолдау көрсетіп, қиын жағдайда қолұшын созу мақсатында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мырзакент және Атакент кенттерінен тегін дәріханалар ашылды. Медициналық білімі бар аудан еріктілер тобы жұмысын жүргізетін тегін дәріханаларға ауданның қалталы кәсіпкерлері, меценаттары мен өнер адамдары, ерікті тұрғындар демеушілік жасап өз қаражаттары есебінен фармацевтикалық фирмалардан, аудандағы өзге де дәріханалардан дәрі сатып әкеліп өткізуде. Келген дәрілердің тізімі жасалып, сапасы мен сақтау мерзімі фармацевт мамандар тарапынан қатаң бақылауға алынған.

«Тегін дәріханалардағы дәрілердің шын мұқтаж жандарға берілуі, сақтық шаралары толықтай бақылауға алынған. Бұл дәріханаларға кез-келген азамат кез-келген суммада көмек көрсете алады. Дәріхана тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасайды. Қазірдің өзінде аудандағы кейбір дәріхана иелерінің өзі науқас азаматтарға қажетті бірқатар дәрілердің түрін тегін әкеліп берді» дейді «Мақтаарал Адалдық Алаңы» кеңсесінің жетекшісі Сүндет Кенжебаев.

Қос кентте мұқтаж жандарға арналған дәріхананың ашылғанын естіген аудан тұрғындары үйлерінде сақтау мерзімі өтпеген, пайдаланылмаған дәрі-дәрмектерін де өткізіп жатыр.

Айта кетейік, Мырзакент және Атакент кенттеріндегі аудандық ауруханалардың жанында ашылған тегін дәріханалар туралы толық ақпаратты +7 778 218 97 98; +7 747 880 15 96 және +7 708 935 15 44 байланыс нөмерлері арқылы біліп, көмек қолын созуға болады.

Соңғы жаңалықтар