#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан қаласын газбен толық қамту жұмыстары қарқынды жүруде

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудың негізі ретінде инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән береді. Аталған бағытта жұмыстарды қарқынды жүзеге асыруға күш те салынып келеді. Осы орайда, өңір басшысы жауапты сала жетекшілерімен бірге облыс орталығын аралап, қаланың Бас жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Шаһардағы жол жөндеу, газ, ауызсу мен кәріз жүйесін жүргізу жұмыстарын тексерген облыс әкімі тиісті сала жетекшілерінен құрылыстың кестеге сәйкес белгіленген мерзімінде аяқталуын талап етті. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, бірінші кезекте, табиғи газбен қамтамасыз етілген шағын аудандарда орналасқан әлеуметтік нысандарды газға өткізу жұмыстары жүруде. Балабақшалар, сауда орталықтары, жекелеген кәсіпорындар, мейрамханалар мен қонақ үйлер газға қосылуда.

Түркістан қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету он бір кезең бойынша жүргізілуде. Былтыр төрт нысан құрылысы толығымен аяқталып, жыл соңында дейін жеті нысан пайдалануға берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар