#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың құрылысы қарқынды жүруде

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласынан 20 шақырым қашықтықта құрылысы жүріп жатқан халықаралық әуежайда болып, ондағы жұмыс барысын бақылады.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласынан 20 шақырым қашықтықта құрылысы жүріп жатқан халықаралық әуежайда болып, ондағы жұмыс барысын бақылады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі аясында «Turkistan International Airport» ЖШС-і тарапынан қолға алынған алып құрылыс алаңында жеке әріптестің 341 маманы мен 106 арнайы техникасы жұмылдырылған.

«Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайды салу, пайдалану және басқару» МЖӘ-нің келісім шарты Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен түзілген. Қазіргі уақытта әуежай құрылысының жолаушылар терминалының металл құрылымдарын монтаждау толық аяқталған.

Терминал қабырғаларын қалау жұмыстары — 60% аяқталып, қабырғалардың ішкі-сыртқы қабатын шынымен қаптау жұмыстары басталды. Сондай-ақ, ұшу-қону жолағы, рульдеу жолы мен перронның негізі 100 %, ұшу-қону жолағын асфальттеу — 50% аяқталған. Әуежайдың құрылысы барысында өндірістік жұмыс кестесі сақталуда.  Сонымен қатар құрылысқа қажетті материалдар жеткілікті. Әуежайды 2020 жылдың соңына аяқтап, қолданысқа енгізу жоспарлануда. Түркістан облысының бірінші басшысы Өмірзақ Шөкеев нысан басындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, әуежай құрылысын сапалы әрі өз уақытында атқарылуын тапсырды.

Соңғы жаңалықтар