Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі өз ауласында сора өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жайтты полиция қызметкерлері СДТТБТ-ғатіркеді.
Полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 300 бабы «Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынының бақшасынан құрамында есірткісі бар өсімдіктерге ұқсас 32 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Тергеушілер барлық алынған түптерді сараптамаға жіберді.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес алынған түптердің 3-еуі құрамында есірткі бар «сора » өсімдігі болып шықты. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда.