#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент қаласы мәслихатының алпыс бесінші сессиясы болып өтті

Бүгін қаладағы карантин жағдайына байланысты алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының алпыс бесінші сессиясы онлайн режимде өтті. Күн тәртібінде 26 мәселе қаралды.

Бүгін қаладағы карантин жағдайына байланысты алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының алпыс бесінші сессиясы онлайн режимде өтті. Күн тәртібінде 26 мәселе қаралды.

Нақтырақ айтар болсақ, сессия барысында қала әкімдігінің 2019 жылғы бюджетінің атқарылған есебі тыңдалып, бюджетке өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына орай Шымкенттегі қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту мақсатында бағаларды саралау мәселесі қаралды. Енді қала тұрғындары жаңа жүйеге сәйкес қоғамдық көлікте жолақысын электронды төлеген жағдайда 70 теңге, ал қолма қол болса 100 теңге төлейтін болады.

Бұдан бөлек, шаһардағы төрт аудан әкімдерінің атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы сөз болғанын айта кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар