#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Инфрақұрылым бойынша нысандар құрылысы жүріп жатыр

Түркістан қаласында ауыз сумен, электр қуатымен және табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жалпы 11 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан қаласында ауыз сумен, электр қуатымен және табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жалпы 11 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Рашид Абатұлының төрағалығымен өткен жиналыста белгілі болды. Жиналыс барысында шаһар басшысы жұмысты ширату қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар, инфрақұрылым бойынша (су, электр, газ) жұмыс көрсеткіші, кестесі, кезеңдер мен әр қосылған абонент саны бойынша келесі апталық мәжілісте баяндап, жалпы осы жылдың қараша айының соңына дейін тұрғындардың газға қосылуы мен құбырлар жүргізілуін аяқтау бойынша нақты тапсырма берді.

Қала халқы үшін маңызды жобаға басымдық беріліп, уақытылы орындалуы бойынша тексерістер де жиі жүргізіледі.

Түркістан қаласы бойынша ішкі газ жүйелерін жүргізетін мердігер мекемелерді назарларыңызға ұсынамыз:
1. «КазМонтажКом» ЖШС — Шамшыбек Ерсұлтан (87713819781)

2. «Омар-Шерхан Строй» ЖШС — Шардарбеков Батырхан (87782227657)

3. «Kind Estate» ЖШС — Қуанышбеков Мейірман (87788047777)

4. «Бейбарыс-БМ Құрылыс» ЖШС — Ташимов Ақынбай (87751507407)

5. «Еркебулан и К» ЖШС Кулмирзаев Қайрат — (87751881001)

6. «Тұрбек АСК» ЖШС — Мурзамурат Дархан (87025418888)

Жұмыс қарқыны жүйелі жүріп жатқан облыс орталығында бюджетті тиімді игеру де басты назарда. Осы жылдың желтоқсан айына дейін барлық қаржы тиімді жұмсалып, тек қызметкерлер үшін айлық қаражат қана қалуы қажеттігі ескертілді. Сонымен бірге, мердігер компаниялар мен олардың жұмысшылары қалаға тіркелуі айтылып, нәтиже болмаған жағдайда, жауапты бөлім басшыларына шара көрілетін болады. Ал, 5 маусымға дейін қаржыны игеру бойынша кесте «Экономика және қаржы бөліміне» тапсырылуы тиіс.

Сонымен қатар, кезекті штаб отырысы кезінде карантин режимі талаптарының біршама төмендегені жайлы айтылып, адамдар көп шоғырланған қоғамдық орындарда қала әкімдігі тарапынан бетпердесіз жүрген тұрғындарға полицейлер, ал кәсіпкерлік нысандарға маскасыз келген жағдайда өз есебінен иесі маска таратуға немесе қызмет көрсетпеу бойынша ұсыныс беру жайы қаралды.

Соңғы жаңалықтар