«Тәуелсіздікке 20» елді мекенінде 3118 адам тұрады, оның ішінде ересектер – 1880, балалар — 1238. Карантинді енгізуден бастап медицина қызметкерлері барлық халықты тексерді. Қазіргі уақытта температурасы көтерілген азаматтар жоқ.
Еске салайық, 23 наурызда короновирус жұқтырған жас жігіт «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабынан тіркелгендіктен қауіпті індет шыққан аумақ толығымен оқушауланған болатын.
Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізілуде