#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жылыту маусымына орай өңірлерде өрттің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүріп жатыр

Adym.kz / Жылыту маусымы қарсаңында олар тұрғын үй секторын қамтиды және халықтың әлеуметтік осал топтарына басты назар аударылатын болады.

Жылыту маусымы қарсаңында олар тұрғын үй секторын қамтиды және халықтың әлеуметтік осал топтарына басты назар аударылатын болады. Мобильді топтардың бірін Ақмола облысы ТЖД бастығы Қанат Доспаев басқарды.

Жыл басынан бері 497 өрттің 340-ы жеке секторға тиесілі. Тұрғын үйлерді аралау барысында электр сымдарын, пештерді тексеру, түтін мұржаларын тазалау жүргізілді.  Сонымен қатар, көміртегі тотығының дербес датчиктері орнатылды. Өңірде 4 жыл ішінде осы құрылғылардың іске қосылуының арқасында 21 адамның өмірі сақталды. Бұл алдын алу шаралары бір аймен шектелмейді, бұл тек бірінші кезеңі ғана.

Әр жыл сайын жылыту маусымы жақындағанда елімізде құтқарушылармен тұрғын үй секторларында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады.

2024 жылдың 15 тамызында еліміздің барлық өңірлерінде өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Осыған сәйкес өрттің алдын алу және қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында осал топтағы отбасылардың тұрғын үйлеріне бірінші көңіл бөлінеді.

Бүгіндікке құтқарушылар еріктілермен  бірлесіп Атырау қаласы бойынша 15-ке жуық отбасыға түтін датчигін орнатты. Аталған жұмыстар 1 ай ғана болмайды, іс-шаралар 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасатын болады.

Ұлытау облысы ӨКҚ алаңында «Жылыту кезеңіне дайындық» тақырыбында брифинг өтті. Аталған брифингтің спикері Ұлытау облысының ТЖД МӨББ бастығы Ермек Исмаилов сөз сөйледі.

2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жоспарына сәйкес өрттің және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу жұмыстары ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап жүргізіледі. Өткен жылдардағы өрттерді талдау көрсеткендей, өрттердің көп бөлігі жылыту маусымында орын алғанын көрсетті. Айта кетсек, 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде облыс аумағында 63 өрт фактісі тіркеліп, 5 адам қаза болды.

Ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап облыс аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» акциясы басталды. Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өрт қауіпсіздігі айлығын үш кезеңде (15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін – 1 кезең, 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін – 2 кезең, 15 қазаннан 2024 жылғы 20 сәуірге дейін – 3 кезең) өткізу жөніндегі жұмыстары жалғасуда.

Облыс аумағында «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығының» бірінші кезеңі 2024 жылды 15 тамызы мен 15 қыркүйек аралығында өтеді. Айлық шеңберінде жергілікті полиция қызметімен, әкімдікпен және әлеуметтік қорғау қызметкерлерімен, «Аманат» партиясының, «Бірлік» еріктілер ұйымының еріктілерімен бірлесіп, үйлерді өрт қауіпсіздігіне келтіру бойынша осал топтарының барлық үйлерді аралап шығу жоспарда. Тұрғындармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары, өрт болған жағдайда іс-қимылдар туралы нұсқамалар өткізіледі. Сондай-ақ тұрғын үйлерді қарау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталатын болады.

Екінші кезең 15 қыркүйектен 15 қазан аралығында өтеді. Онда халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінде анықталған бұзушылықтар бойынша қайта аулалық аралау жүргізіледі.

Үшінші кезең ағымдағы жылдың 15 қазанында басталып,
2025 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасын табатын болады. Үшінші кезеңде өрт жағдайына байланысты, алдын алу үшін айқындалған тұрғын үйлерде аулалық аралау жүргізіледі.

2023 жылы жылыту кезеңінде облыс бойынша 228 датчик орнатылды. Биылғы жылы барлық пешпен жылытылатын халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінде датчиктер толықтай орнатылу жоспарда.

Халықты барынша қамту үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы үгіт-насихат жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 15 тамызында ​​облыста алдағы жылыту маусымына дайындыққа бағытталған өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Басты мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жылу жүйелеріне қатысты төтенше жағдайлардың алдын алу.

Бір айлық шараның негізгі мақсаттары тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, өрт кезіндегі іс-әрекеттер мен пештерді қауіпсіз пайдалану шаралары туралы хабардар ету. Бүгінгі күні ТЖД қызметкерлері 1987 адамды қамтыған 52 брифингтер мен әңгімелесулер өткізді. Алдын алу шаралары аясында қауіпсіздік мәселелері бойынша маңызды ақпаратты қамтитын 3 мыңға жуық парақшалар таратылды.

Қоғамда «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл ережелерді білу ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде оларды қатаң сақтау дегенді білдіреді. Жылыту жүйелерін қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстарды орындау өрт қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Біз барлық азаматтарды қырағы болуға, жылу жүйелерінің жағдайын жүйелі түрде тексеріп, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз қауіпсіз ортаны жасап, адамдардың өмірі мен мүлкін қорғауды қамтамасыз ете аламыз.

Облыс аумағында 15 тамыздан бастап өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Өрт қауіпсіздігі айлығының негізгі мақсаты-қатты отынмен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Аулаларды аралау барысында пештер мен түтін мұржаларын орнатуға басты назар аударылады, пештер мен түтін мұржаларының құрылғысы бұзылған жағдайда иелеріне оларды жою бойынша ұсыныстар беріледі.

Алайда, көптеген азаматтар ережелерді сақтамауға немқұрайлы қарайды, жылдар бойы пештер жөнделмейді, мұржалар тазаланбайды.

Жыл сайын жылыту кезеңінде облыста 300-ге дейін өрт орын алады. Бірінші кезекте аулаларды аралау халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын жерлерде атаулы түрде жүргізіледі.

Мәселен, бүгінгі таңда облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 350 тұрғын үйінде профилактикалық жұмыс жүргізілді, 900-ге жуық азаматқа нұсқау берілді.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінен басқа, тұрғын үй секторында айлықты өткізуге қатысу үшін аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері, газ шаруашылықтарының қызметкерлері, ПИК және БАҚ өкілдері, үкіметтік емес волонтерлік ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың мүшелері тартылады.

ТЖД тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды: жылыту маусымы басталар алдында пеш пен түтін мұржаларының жарамдылығын тексеру қажет; пешті тексеру жүйелі болуы керек; пештен қауіпсіз қашықтықта отын мен басқа да жанғыш материалдарды жинау қажет; кешке пешті ұйқыдан 2 сағат бұрын тоқтату керек; жиһаз, перделер және басқа да жанғыш материалдар, заттар жанып жатқан пештен 1 м жақын болмауы керек; мұржалар мен пештерді күйеден тазарту бастамас бұрын, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде кемінде үш айда бір рет қажет.

Ағымдағы жылдың 15 тамызында ​​облыста алдағы жылыту маусымына дайындыққа бағытталған өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Басты мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жылу жүйелеріне қатысты төтенше жағдайлардың алдын алу.

Бір айлық шараның негізгі мақсаттары тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, өрт кезіндегі іс-әрекеттер мен пештерді қауіпсіз пайдалану шаралары туралы хабардар ету. Бүгінгі күні ТЖД қызметкерлері 1987 адамды қамтыған 52 брифингтер мен әңгімелесулер өткізді. Алдын алу шаралары аясында қауіпсіздік мәселелері бойынша маңызды ақпаратты қамтитын 3 мыңға жуық парақшалар таратылды.

Қоғамда «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл ережелерді білу ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде оларды қатаң сақтау дегенді білдіреді. Жылыту жүйелерін қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстарды орындау өрт қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Біз барлық азаматтарды қырағы болуға, жылу жүйелерінің жағдайын жүйелі түрде тексеріп, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз қауіпсіз ортаны жасап, адамдардың өмірі мен мүлкін қорғауды қамтамасыз ете аламыз.

Соңғы жаңалықтар