Айта кету керек, бұл жұмыс Мемлекет басшысының Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмасын іске асыру аясында жүзеге асырылады.
Еңбекмині құрамына Ішкі істер, Өнеркәсіп және құрылыс, Денсаулық сақтау министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ көші-қон саласындағы сарапшылар кіретін жұмыс тобын құрды.
Қазақстанда Астанаға көші-қон ағынын реттейтін заңнамаға түзетулер дайындалып жатыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің басшысы Асқарбек Ерсаев айтты.
«Елордаға көші-қон ағыны туралы жұмыс жүргізіліп жатыр. Белгілі бір түзетулер жасалды, бірақ олар әлі де талқыланады. Бұл шаралар заң жобасына енгізілетін болады. Менің ойымша, қыркүйек айының ортасында алғашқы тәсілдер туралы айтылады», — деді Ерсаев брифингте.
Ол арнайы жұмыс тобы құрылғанын, инновацияларды қарау кезінде әлемдік тәжірибені қарастыратынын айтты.
Шілде айында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға көші-қонды реттеу мен бақылауды күшейту қажет екенін айтты. Жыл сайын Астанаға 50-60 мың адам көшіп келеді екен, ал күн сайын әртүрлі өңірлерден, соның ішінде шетелден 150 мың адам келеді.
«Мұның бәрі қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымына елеулі жүктеме береді. Жағдайды бақылауға алу және көші-қон процестерін реттеу үшін тиімді қадамдар қажет. Елордаға келушілердің басым бөлігін еңбек мигранттары құрайды, әсіресе жақын маңдағы аймақтардан», — деді мемлекет басшысы.
Сарапшылардың болжамынша, елорда тұрғындарының саны 2030 жылға қарай екі миллионға жетеді.
Қазір Қазақстанда бұл мәселе 1997 жылы қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» Заңмен реттелуде және 2007-2015 жылдарға арналған көші-қон саясатты тұжырымдамасы аясында шешімін табуда. Еліміз бүгінгі таңда этникалық миграцияны реттеуге ерекше көңіл бөліп келеді. Жыл сайын 20 мың отбасының келуіне квота қарастырылған.
Қандастардың басым бөлігі еңбекке жарамды болса, келушілердің 18 жасқа дейінгілерінің өзі 40 пайызды құрайды. Ал зейнет жасындағылары жалпы оралмандардың 5 пайызы ғана.
Отырыс барысында мигранттар құқын қорғау, еңбек рыногына қолжетімділікті қамтамасыз ету, гендерлік тендік, әлеуметтік қорғау, тұтқындау және еңбек мигранттарын депортациялау мәселелері жан-жақты сөз болды. Аталған шара 2009 жылғы осы мәселеге қатысты семинардың заңды жалғасы, ал заң жобасының өзі үстіміздегі жылдың тамызына дейін қабылданады деп күтілуде.