#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

С. Жақыпова кәсіпорындарынқызметкерлеріне әлеуметтік қорғаудың жаңа шаралары туралы хабарлады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Еңбекминінің басшысы еңбек ұжымдарымен өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады және зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін азаматтарға 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнайы әлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі тәсілдері туралы айтты.

Кездесу Үлбі металлургиялық зауытында өтті. Іс-шараға ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы — Қазақстанның Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов, жергілікті атқарушы органдардың, Шығыс Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығының өкілдері және өңірдегі 16 кәсіпорын мен ұйымның қызметкерлері, жалпы 80-ге жуық адам қатысты.

Светлана Жақыпова өз сөзінде бұл кездесу Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша жүргізілген жұмыстарды түсіндіру үшін өткізіліп жатқанын атап өтті. Осылайша, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету мақсатында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

«Атап айтқанда, жұмыс орнында кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың жаңа моделін енгізу, кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша сақтандыру тарифін саралау, Кәсіпорындардың цифрлық картасын құру және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылау мен мониторингтің проактивті форматын енгізу және т.б. ұсынылады», – деді министр.

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін Министрлік арнайы әлеуметтік төлемді енгізуді көздейтін заңнамаға түзетулер әзірледі, мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына жіберілді.

«Арнайы әлеуметтік төлем 55 жасқа толған және 7 жыл бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге тағайындалады.

Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше компоненттен тұрады және төрт көзден: республикалық бюджеттен 1,5 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнайы кәсіптік төлем; БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен жинақталған зейнетақы жинақтарын ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары есебінен; өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;  жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс мөлшерінде жүзеге асырылады», – деді Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ, заңнамалық түзетулерде жұмыскерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру көзделеді:

— өмірді сақтандыру компанияларының алдын алу шараларына жұмсаған шығыстарын төленген сақтандыру сыйлықақысының 6% — на дейін өтеуі;

— өмірді сақтандыру компанияларының оңалту шараларына жұмсаған шығыстарын төленген сақтандыру сыйлықақысының 6% — на дейін өтеуі;

— зардап шеккен жұмыскерді санаторлық-курорттық емдеу бойынша өмірді сақтандыру компанияларының 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде төлеуі;

— жазатайым оқиға нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу (сақтандыру төлемі) мөлшерін айқындау кезінде жұмыскердің кінәсін болдырмау.

Кездесу барысында Светлана Жақыпова Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындары қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, БАҚ-қа сұхбат берді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында министр «Страна чудес» мүгедектігі бар балаларды түзету және оңалту орталығының және «Қамқорлық» аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған оңалту орталығының жұмысымен танысады, сондай-ақ Өскемен қаласының мансап орталығына барады.

Соңғы жаңалықтар