#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Тауар интервенциясын жүргізу үшін 200 млн. теңге бөлінді

Түркістан облысының тұрғындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен сатып алуға болады.

Түркістан облысының тұрғындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен сатып алуға болады. Бұл мүмкіндік «Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен келісімшарт жасасқан «Түркістан» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының бастамасымен жүзеге асты. Осылайша, облыс әкімдігі азық-түлік бағасын тұрақтандырып, аз қамтылған отбасылардың қажетті азық-түлік алуға жұмсайтын шығындарын азайтуды көздеп отыр.
«Түркістан» ӘКК келісімшарты аясында тауар интервенциясын жүргізу үшін 200 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде, «Magnum» дүкенінде халық көп тұтынатын азық-түліктің 19 атауын тұрақтандыру қорының белгіленген бағалары бойынша сатылады. Тұрғындар ұн, қарақұмық, сиыр еті, тауық еті, сүт, жұмыртқа және басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағада сатып ала алады. Түркістан қаласы бойынша «Түркістан» ӘКК тұрақтандыру қорының бағасымен 13 әлеуметтік дүкен мен 5 супермаркет арқылы азық-түлік сату жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар