#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанда өрттен қаза тапқан адамдар саны артты

Қазақстанда өрт кезінде қаза тапқан адамдар саны 19 пайызға өсті.

Қазақстанда өрт кезінде қаза тапқан адамдар саны 19 пайызға өсті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«2020 жылы елімізде 13 933 өрт тіркелді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4 пайызға төмен. Өрт кезінде жарақат алғандардың саны 7 пайызға азайды. 2020 жылы өртсөндірушілер 8 419 адам құтқарды.

Бұл ретте өрттен қайтыс болған адамдар саны 326-дан 389-ға немесе 19 пайызға артты, — деді министр брифингте.

Сонымен қатар, 2020 жылы өрт шықпай табиғи газбен улану салдарынан 22 адам, газ баллон қондырғыларының жарылысынан 11 адам қайтыс болғаны хабарланды. Газ баллон қондырғыларының 32 жарылысы тіркелген екен.

«2021 жылдың екі айында елімізде 1 931 өрт тіркелді. Бұл ретте 1 354 адам құтқарылды, 99 адам, оның 13 бала қайтыс болды. 104 адам, оның ішінде 12 бала жарақат алды», — деді ол.

Ақпарат бойынша, әлеуметтік осал отбасылар тұратын 118 мыңнан аса тұрғын үй есепке алынып, оларға 100 пайыз түсіндірме жұмыстары жүргізілген, шамамен 400 мың адамға нұсқау берілген.

Соңғы жаңалықтар