#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Жасотандықтар зейнеткерлерге көмектесіп, батасын алды

Жуырда еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, елді әбігерге салғаны белгілі.


Жуырда еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, елді әбігерге салғаны белгілі. Түркістан облысында да соңғы жылдары кездеспеген мөлшерде қалың қар түсті. Осыған байланысты Түркістан облысы бойынша «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері өзге облыстардағы әріптестерінің эстафетасын қабыл алып, тұрғындарға көмектесті.

Белсенді жастар «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында қол күші көмегіне мұқтаж отбасылардың, соғыс ардагерлері мен зейнеткерлердің үйінің ауласын қардан тазалап берді. Солардың бірі – зейнеткер, ІІ топ мүгедегі Мәдіқұл ақсақал жастарға ризашылығын білдіріп, батасын берді. Семей полигоны зардабын жоюға қатысқан ардагер Әлихан Тәжібеков ақсақал да жастардың қадамын оң бағалады.

Сонымен бірге түркістандық жастар қала көшелерін қардан тазалаумен айналысып жүрген мекеменің жұмысшыларына және қала тұрғындарына ыстық шәй мен тәттілер ұсынып, қар күреуге көмектесті.
«Бұл мақтанып айтатын үлкен іс емес, біз осы әрекетіміз арқылы қоғамға ізгілік нұрын сепкіміз келеді», – дейді түркістандық жасотандықтар.

Соңғы жаңалықтар