#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматы орталығында көлік жуу нысаны сүрілді

Алматының орталығында ірі коммерциялық нысан бұзылды.

Алматының орталығында ірі коммерциялық нысан бұзылды. Сот шешімі бойынша көлік жуу орны мен бірқатар коммерциялық нысан сүрілді. Бұл туралы қала құрылысын бақылау департаментінің қызметкерлері мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Автокөлік жуу нысаны Қарасай батыр көшесінде, Әйтиев көшесінің қиылысында орналасқан.

«Тексеріс нәтижесінде нысан заңсыз салынғаны анықталған кезде біз сотқа талап-арыз бердік, ол ішінара қанағаттандырылды. Кейін Алматы қалалық сотының шешімі бойынша талап арыздар толығымен қанағаттандырылды», — деді ведомство қызметкерлері.

Басқарма қызметкерлерінің мәліметінше, нысанды пайдалануға қабылдау актісін сот жарамсыз деп танып, оның Алматы қалалық Әділет департаментіндегі тіркеуінің күшін жойған. Сот орындаушыларымен бірге нысанды бұзу басталып, бүгінде жұмыс толығымен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар