Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірге айналған «Nur Otan» партиясының азаматтық қоғамда орны бөлек. — Ұдайы халықтың ортасынан табылып, сенімін ақтауға тырысқан «Nur Otan» нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білді.
Халықтың сенімді саяси ұйымы бола білген «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының жеткен жетістіктерін сөзге тиек етіп айта кетсем. Барлығымызға белгілі бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Covid-19 пандемиясы кезінде Жетісай аудандық «Нұр Отан» партиясы 2000-ға жуық отбасыға «Birgemiz» қоры атынан 50 000 теңге қаржылай және азық-түлік жағынан көмек көрсетті. Сонымен қатар Мақтарал ауданында болған тілсіз жау Су апаты кезінде де «Nur Otan» партиясы 50 миллионға жуық қаржыға азық-түлік және тұрмыстық өнімдермен қамтамасыз еткен болатын. Апаттың қаупі сейіліп, халық есін жинап, тұрғын үй құрылысы басталған уақытта «Nur Otan» партиясы 20 отбасыны баспаналы етті.
2019-2020 жылдар аралығында Жетісай ауданы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2048 өтініш түсті. Қарау нәтижелері бойынша 73% мәселе оң шешіліп, консултативтік көмектер көрсетілді. Олардың ішінде: әлеуметтік қамсыздандыру – 26%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және елді-мекендердің инфрақұрылымы – 13%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 7%, жұмыспен қамту, еңбек даулары – 11%, білім саласы — 8% және медициналық қызмет бойынша – 8%. Қоғамдық қабылдауды маслихат депуттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары және заңгерлер өткізеді.
Халқымыздың арасында «Nur Otan» партиясының рөлі өте жоғары болуы керек. Партияның іргетасы қаланғанына 21 жыл толады. Іргесі қаланған кездегі сайлаулардан бастап «Nur Otan» партиясы саяси күресте жетіліп, шыңдалды. Өзінің алға қойған мақсаты айқын екендігін халық алдында дәлелдей білді.
Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған кемел саясатының нәтижесінде тәуелсіз еліміз өз тарихында болмаған жетістіктерге қол жеткізді.
Жетісай ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының сайлау қорынан қаражаты төленген