#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ғарышкер Юпитер мен Сатурн қосылған фотоны көрсетті

Халықаралық ғарыш станциясының бортынан қарағанда Юпитер мен Сатурнның "қосылуы" қалай көрінетінін ғарышкер Сергей Кудь-Сверчков көрсетті.

Халықаралық ғарыш станциясының бортынан қарағанда Юпитер мен Сатурнның «қосылуы» қалай көрінетінін ғарышкер Сергей Кудь-Сверчков көрсетті. Ол фотоны Twitter желісіндегі парақшасында жариялады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Астрономиялық құбылысты 21-23 желтоқсан аралығында көруге болатын. Ғарышкер Юпитер мен Сатурн аспанда 794 жылдан бері алғаш «біріккенін» атап өтті. Ғаламшарлар жарық екі жұлдыз секілді болып көрінді.

21 желтоқсанда Сатурн мен Юпитерді алты бұрыштық минут бөліп тұрды. Астроном мұны Айдың толған сәтімен (30 бұрыштық минут) салыстырып түсіндірді. Негізінде планеталар бір-бірінен 750 миллион шақырым қашықта болған.

Юпитер мен Сатурнның жақындасуын Вифлеем жұлдызы болуы мүмкін деп болжағандар да бар.

Соңғы жаңалықтар