Биыл Шымкентте 256 көше орташа және күрделі жөндеуден өтеді. Солардың бірі — Әл-Фараби аумағында орналасқан Түркістан көшесінде (Әл-Фараби алаңынан Ж.Адырбеков көшесіне дейінгі аралықта) мердігер мекеме «АЗИЯКОМПЛЕКССТРОЙ» ЖШС тарапынан 1,8 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
– Жолдың ені 14,7 метр, екі жағынан 1,4 кеңейеді. Қосымша жауын суы жиналатын құбыр орнатылуда, ағын су сонымен үлкен канал-арықтарға құйылады. Жол бойында асфальт, жарықтандыру жүйесі, жаяу жүргіншілер жолы және бағдаршам мен аялдама, веложолақтар, арық жүйесі қарастырылған. , — дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов. Аталған көшелерде жөндеу жұмыстарын 2020 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.