Волонтер жылы аясында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Birgemiz: Taza Álem» жалпыұлттық жобасы іске асырылып жатыр — деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Жобаны іске асыруға 55 миллион 693 мың теңге қаржы бөлінген. Оның мақсаты – азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту саласында волонтерлер қызметіне тарту, ағаш отырғызу мен қоқысты сұрыптауға үйрету, экологиялық волонтерлер қозғалысымен өзара әрекеттесу болып табылады.
Жобаны іске асырудағы күтілетін нәтижелер:
-Азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу мен қоқысты сұрыптауға үйрету;
— Нақты жергілікті міндеттерді шешуге бағытталатын 300 мың теңгеге дейін 68 шағын гранттар бөлу көзделді;
-1000-ға жуық азамат және волонтерлерді тарту және оқыту;
-Жастар арасында эко-волонтерлікті кеңінен насихаттау;
-Көгалдандыру жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар;
-Жануарларды қорғау жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар.
Азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету мақсатында 3 облыста мүдделі ұйымдармен, түрлі эко-қозғалыстармен ынтымақтастық туралы меморандум жобасы әзірленді. Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының жастар ресурстық орталықтарында волонтерлерді қолдау орталықтары ашылды, — делінген хабарламада.
Орталықтар келесі мекен-жай бойынша орналасқан:
Қостанай қаласы бойынша: 1 май көшесі, 151, 1 қабат, 5 кабинет. Жоба үйлестірушісі — Өтебаев Дамир. Орал қаласы, 5-шағын аудан, Мәскеу көшесі 18, Оқушылар сарайы 3 қабат, «Bastau» коворкинг орталығы. Жоба үйлестірушісі — Ғұмаров Жұмажан. Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі 47, 2 қабат, қабылдау бөлмесі, Жоба үйлестірушісі — Мырзахметова Айша.