#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанда карантин кезінде коммуналдық тарифтер өзгерді ме?

Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті өңірлерде коммуналдық қызметтердің тарифтері қаншалықты төмендегенін жария етті.

Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті өңірлерде коммуналдық қызметтердің тарифтері қаншалықты төмендегенін жария етті. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері төтенше жағдай мен карантин уақытында «халық» тобына жататын азаматтар үшін орташа есеппен 7 пайызға арзандады. Атап айтқанда сумен қамту 7,6 пайызға, сумен бөлуді 8,2 пайызға, жылумен қамту тарифін 6,8 пайызға, энергиямен қамту тарифін 4 пайызға төмендетті», — деп хабарлайды комитеттен. Осылайша комитет нақты коммуналдық қызметтерге қатысты аймақтарда тарифтердің қанша көлемде арзандағанын жариялады. «Жалпы субъектілермен тарифтерді төмендету бойынша жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар төтенше жағдай уақытында тасымалдаушы алдында қарызы болса да коммуналдық қызметтерді тоқтатып тастамау туралы уәкілетті органдармен тиісті жұмыс жүргізілді», — деп хабарлайды комитет.

 

Соңғы жаңалықтар