#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Shymkent City»-дегі тұрғын үйлер келер жылы көктемде беріле бастайды

«Shymkent City»-дегі тұрғын үйлер келер жылы көктемде беріле бастайды

Бұл туралы Шымкентте орналасқан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалы директорының орынбасары Ақылбек Қоспанов мәлім етті.

Банк жауаптысының айтуынша, «Шымкент Сити» аумағында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 9, 12 және 16 қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.  Мұндағы 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны – 140 000 теңге.
«Шымкент Сити»-дегі несиелік тұрғын үйлер 2019 жылдың наурыз бен сәуір айларында беріле бастайды. Баспаналар 50/50 қағидасы бойынша бөлінеді. Яғни пәтерлердің кем дегенде 50%-ы әкімшілікте кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді, қалған 50% пәтерлер кезекке тұрмаған ҚТҚЖБ басқа да салымшылары арасында беріледі. «Шымкент Сити»-дегі үйлерге келсек, 1 бөлмелі пәтер – 37-40 ш.м., екі бөлмелі пәтер – 53-57 ш.м., 3 бөлмелі пәтер – 73-76 ш.м.
Қазіргі таңда Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасымен 40 үй салынуда. Оның ішінде алғашқы 662 пәтерді тұрғындар биыл ала бастайды, осы мақсатта әкімшілік-іскерлік орталықта қазіргі таңда 12 үй салынып жатыр. Бұл үйлердің құрылысы 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталмақ.
Шымкентте биылғы пайдалануға берілетін 662 пәтердің жалпы аумағы – 50 мың шаршы метр. Ал 2019 жылы әкімшілік-іскерлік орталық пен «Шымкент Ситиде» берілетін көпқабатты үйлер саны – 28. Ондағы пайдалануға берілетін пәтерлердің саны 1816 болмақ.
Еске сала кетсек, «Шымкент Ситидің» құрылысы бойынша оңтүстіккореялық компания осы шағынауданның 6 гектар ауданында үйлер салатын болды. Онда 2019 жылдан бастап, жыл сайын 320 мың шаршы метр үй салу жоспарлануда. Оның ішінде төрт жоба  – биік үйлер, 20 қабаттан 34 қабатқа дейін болады. Таяуда Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Сеулге жасаған сапары барысында осындай келісімге қол жеткізген болатын.

Дереккөз: aptanews.kz 

Соңғы жаңалықтар