ШЫМКЕНТТЕ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕННИС ТУРНИРІ ӨТТІ

"Шымкентте дəстүрлі халықаралық Shymkent ITF International Junior Tournament турнирі өтті", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1677

Шымкенттегі Ұлттық теннис орталығының кортына Австралия, Ұлыбритания, Швеция, Жапония, Үндістан, Түркия, Ресей, Өзбекстан және елімізді қамтыған 9 елдің 100-ден астам теннисшілері кім мықтыны анықтады.
Айта кетерлігі, Shymkent ITF International Junior Tournament халықаралық теннис турнирі биыл Шымқалада үшінші рет өтіп жатыр.                                                          
Жарыстың беташар ойынын Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Əбдірахымов пен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бастап берді. Ал, турнирдің финалында шымкенттік теннис мектебінің түлегі Достанбек Ташбулатов пен Түркия спортшысы Сенгул Бора кездесіп,  жерлесіміз Достанбек Ташбулатов чемпион атанды.