#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазгидромет: Қыркүйек айына арналған консультативтік болжам жарияланды

Қыркүйекте республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын ай бойы жиі жауады, үзіліс 1-3 күнге созылады. Кей күндері республика бойынша қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында жиі тұман күтіледі, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Қазгидромет мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыркүйек айында республиканың басым бөлігінде ауа райы салқын және жауын-шашынды болады деп күтілуде, тек республиканың батысында қыркүйектің басында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Қыркүйекте республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын ай бойы жиі жауады, үзіліс 1-3 күнге созылады. Кей күндері республика бойынша қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында жиі тұман күтіледі.

Қыркүйектің бірінші онкүндігінде ауа температурасы: республиканың батысында түнде +8+15°С, күндіз +23+30°С; республиканың оңтүстік-батысында түнде +17+25°С, күндіз +28+35°С, тек кей күндері ауа температурасының шамалы төмендеуі байқалады. Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде +3+10°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +22+27°С-қа дейін; Қостанай облысында түнде +2+7°С-тан, топырақ бетінде үсік болуы ықтимал, +8+13°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан +17+25°С-қа дейін ауытқиды деп күтілуде.

Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында түнде +2+10°С дейін, топырақ бетінде 2° үсік болуы мүмкін, күндіз +8+15°С дейін суытады, онкүндіктің соңында ауа температурасы шамалы жоғарылауы мүмкін. Республиканың шығысында ауа температурасы түнде +8+16°С-тан +2+7°С-қа дейін, онкүндіктің екінші жартысында үсік болуы мүмкін, күндіз +12+23°С-тан +17+25°С-қа дейін ауытқиды; Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы +22+30°C-тан +17+23°C-қа дейін ауытқиды деп болжануда.

Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде ауа температурасы +3+8°С, кей күндері үсік болуы ықтимал, күндіз ауа температурасы                +12+19°С-тан +21+26°-қа дейін ауытқиды; Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында ауа температурасы түнде +7+15°С болады деп болжануда, топырақ бетінде үсік болуы мүмкін; күндіз +25+35°С-тан +15+23°C-қа дейін ауытқиды. Үшінші онкүндікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбырдың соңы қарға айналуы мүмкін. Бұл болжам консультативтік болып табылады, оны нақтылау үшін онкүндік және апталық болжамдар шығарылады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, кезеңнің басында елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Елдің батысында солтүстік-батыс антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің күшейуі күтіледі. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіледі.

Температураның біртіндеп төмендеуі күтілуде: солтүстік-батыста, солтүстікте, республиканың орталығында түнде +10+16°С-тан +5+10°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан, оңтүстікте +28°С-тан +13+18°С-қа дейін, оңтүстікте +25°С-қа дейін. тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндізгі уақытта +22+30°С-тан +25+32°С-қа дейін өсу күтіледі, елдің басқа аймақтарында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. Еліміздің оңтүстік жартысында бақыланатын учаскелерде жаздық бидайды жинау жұмыстары жалғасуда (Алматы, Жетісу облыстары).

Республиканың солтүстік жартысында жаздық дәнді дақылдарда көбінесе «дәннің уыздануы» — «толық пісуі», Ақмола облысында «дәннің сүттенуі» — «уыздануы», кеш себілген егістерде «гүлдену» кезеңдері байқалады. Батыста «дәннің уыздануы» — «толық пісуі» даму фазалары байқалған. Жаздық бидай мен арпаның жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жерлерде қанағаттанарлық. Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында жаздық дәнді дақылдарды іріктеп жинауға кіріскен.

Оңтүстік-шығыста күздік бидай егістіктерінде егін жинау жалғасуда. Елдің оңтүстігінде (Түркістан облысы) жылу сүйгіш дақылдарда (соя, мақта) мақтада «гүлдену» кезеңі жалғасуда, сояда «гүлденудің соңы» — «пісудің бірінші кезеңі» фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы. Жетісу облысында қант қызылшасында «төменгі сыртқы жапырақтардың сарғаюы» фазасы жалғасуда. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы. Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарындағы жүгері егістіктерінде «уыздану» — «толық пісу», Алматы облысының Шелек метеостанциясының маңайында «дәннің сүттенуі» даму кезеңдері байқалады. Жағдайы көбінесе жақсы.

Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарында күріш егістіктерінде көбінесе «дәннің уыздануы» — «толық пісу» даму фазалары, Алматы облысы Бақанас метеостанциясының маңайында «дәннің сүттенуі» байқалады. Күріштің жағдайы көбінесе жақсы, кейбір егістерде қанағаттанарлық. Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында күнбағыс егістіктерінде «гүлдену» — «пісу», Шығыс Қазақстан облысының Новоахмирово метеостанциясының маңайында «егіндік пісуі» фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және кейбір жерлерде өте жақсы. Солтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде майлы зығыр дақылдарында «ерте сарыланып пісуі» даму фазасы байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық.

Алматы, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында картоп бақыланатын учаскелерде «гүлденудің соңы» — «пәлектің солуы» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы. Мал шаруашылығы аумағының басым бөлігінде жайылымдар әлсіз тапталған, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында жайылымдар және Маңғыстау облысында кейбір жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында, Қостанай облысының Арқалық ауданында жайылымдар қатты тапталған, қалған жайылымдар бірқалыпты тапталған. Жайылымдардағы шымның жағдайы көбінесе құрғақ, Ақтөбе, Қарағанды облыстарындағы кейбір жайылымдарда шым дымқыл болған.

Жайылымдағы шөптердің жалпы визуалды бағалау бойынша жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жайылымдарда қанағаттанарлық. Жақсы жағдайы Алматы облысының Балқаш және Еңбекшіқазақ аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар және Уәлиханов аудандарында байқалады. Тамыздың екінші онкүндігінде топырақ ылғал қорының жинақталуы үшін ең қолайлы жағдайлар елдің негізгі астық егетін аймақтарында байқалған. Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 29 тамызда қатты жаңбыр күтіледі. Жоғары қысым алқабының енуімен еліміздің  батысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанады, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында дауыл мен бұршақ жауады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіледі.

Сондай-ақ, ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: күндіз батыс аймақтарда 27-35 градус жылыға дейін;  солтүстік-батыс аймақтарда 20-30 градус жылыға дейін; солтүстікте 17-25 градус жылыға дейін; орталықта 18-28 градус  жылыға дейін; елдің шығысында негізгі температураның фоны 18-28 градус жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ауа температурасының 22-30 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. Еліміздің оңтүстік жартысында бақыланатын учаскелерде жаздық дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда (Алматы, Жетісу Түркістан облыстары).

Республиканың солтүстік жартысында жаздық дәнді дақылдарда көбінесе «дәннің сүттенуі» — «дәннің уыздануы», Ақмола облысында «гүлдену» — «дәннің сүттенуі», кеш себілген егістіктерде «түтікке шығу» — «масақтану» фазалары байқалады. Батыста «дәннің уыздануы» — «толық пісу», кеш себілген егістіктерде «гүлдену» даму фазалары болған. Батыс Қазақстан облысындағы Федоровка метеостанциясының маңайында, Қарағанды облысының Абай ауданында жаздық арпа жинауға кіріскен.

Соңғы жаңалықтар