#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ведомство басшылары өрт, су тасқыны және туристерді іздеуде қолданылатын хабарлау жүйелері туралы айтып берді

Adym.kz / Өрт қаупі жоғары аудандарда 19 әуе кемесі сақадай сай тұр. Бұл туралы Экология министрлігінің басшысы, тілшілер сұрақтарына жауап беру барысында айтты. Бұдан бөлек, ведомство басшысы Семей Орманындағы өрттен кейін мұндай апаттардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны жайлы, мониторинг және өртті ерте анықтау үшін заманауи технологияларды қолдану мәселелері жөніндегі сұрақтарға жауап берді.  

Құтқарушылар қызметіндегі заманауи технологиялар. Ведомство басшылары өрт, су тасқыны және туристерді іздеуде қолданылатын хабарлау жүйелері туралы айтып берді. Үкімет үйінде Үкімет отырысының қорытындысы бойынша кезекті брифинг өтті. Оған туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов қатысты.

Өрт қаупі жоғары аудандарда 19 әуе кемесі сақадай сай тұр. Бұл туралы Экология министрлігінің басшысы, тілшілер сұрақтарына жауап беру барысында айтты. Бұдан бөлек, ведомство басшысы Семей Орманындағы өрттен кейін мұндай апаттардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны жайлы, мониторинг және өртті ерте анықтау үшін заманауи технологияларды қолдану мәселелері жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

ТЖ вице-министрі су тасқынын алдын ала болжайтын цифрлық жүйе туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар ол «Атырау МӨЗ-ін су басу қаупі бар ма?» деген сұраққа жауап берді. Ал су тасқынынан келген жалпы шығын сомасы туралы айтуға әлі ерте деді ол. Зардап шеккен көптеген аймақта су әлі кетпегендіктен, шығын көлемін есептеу басталмаған. Сондай-ақ Бауыржан Сыздықов төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жаңа құралған комитет жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

Ермек Маржықпаев туристерге арналған SOS-түймешесі туралы және бұл отандық жүйе интернет қамтылмаған жерлерде қалай жұмыс істейтіні жөнінде баяндады. Сонымен қатар туризм және спорт министрі инфрақұрылымы дамыған ТОП-20 бағытты дамыту бойынша жоспарлар мен алдағы Олимпиадада медаль алу болжамы, спортшылардың киімі сапасы, ұлттық құраманың құрамы туралы айтты.

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны салдарынан анықталған ТЖ-ға ден қою проблемаларын талдау бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында үш негізгі мәселе талқыланды: ТЖ жағдайында жедел ден қою үшін республикалық және өңірлік штабтардың өкілеттіктерін кеңейту, техника мен жабдықтарды тасымалдау тетігі, сондай-ақ табиғи апаттар кезінде мүлікті сақтандыру.

Вице-премьер халық пен бизнеске келтірілген залалды өтеу кезінде туындаған проблемаларды ерекше атап өтті. Қанат Бозымбаев Қаржы, ТЖ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне зардап шеккендерге өтемақы төлеу тәртібін қайта қарауды тапсырды.

Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілерінен жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеге 291 өтінім келіп түсті. Қаражат қазірдің өзінде өңірлерге Үкіметтің резервінен бөлінді, бірақ өтініш берушілердің үштен біріне ғана жетті. Осыған байланысты вице-премьер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ескертулерін назарға ала отырып, бизнеске төлем жасаудың әдістемесін пысықтауды, оның ішінде АӨК кәсіпкерлеріне келтірілген залалды өтеуді тапсырды.

«Мұндай бюрократия тұрғындар арасында наразылық тудырады. Осы жағдайды анықтау үшін бұл істі қолға аламын. Біз су тасқыны туралы емес, су тасқыны мысалында әрекет ету жүйесінің дайындығы туралы айтып отырмыз. Біз ТЖ-ға тез ден қойып, зардап шеккен азаматтар мен ШОБ үшін қажетті көмекті жедел жеткізуіміз керек. Жұмыс тобын құрып, барлық рәсімдерді жеңілдетіңіздер», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Су тасқыны кезінде техниканың жетіспеушілігі мәселесі туындады. Оны басқа облыстардан көшіру бойынша жедел шаралар қабылданды. Бірқатар өңірде әкімдер қолда бар автопарк саны туралы ақпаратты білмеді, сондықтан арнайы есепке алуды жолға қою қажет.

«Көлік министрлігі осы талқылауды ескере отырып, техниканы, оның ішінде жеке ұйымдармен тиеу, жеткізу және түсіру алгоритмін пысықтауы қажет. Оларды ТЖ аймақтарына тарту және жеткізу үшін шығындарды өтеу тетігін көздеу керек. Мұның бәрін заңнамалық тұрғыдан реттеп, бір ай мерзімде келісілген ұсыныстар енгізу қажет», — деп атап өтті Қанат Бозымбаев

ТЖ кезінде азаматтардың мүлкін сақтандыру мәселелері және апаттар облигациясыын шығару мүмкіндігі қаралды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі апатты тәуекелдерді сақтандырудың әртүрлі модельдері мен тәжірибелеріне талдау жүргізеді. Халықаралық тәжірибені зерделеу бойынша өз талдауын «Астана» халықаралық қаржы орталығы да жүргізді. Вице-премьер Ұлттық экономика және қаржы Министрліктеріне ҚНРДА және АХҚО-мен бірлесіп бір ай мерзімде апатты бондтар шығару және мүлікті сақтандыру бойынша қажетті есептеулер жүргізуді тапсырды.

«Біз бүгін биылғы су тасқыны бойынша қорытынды жасап, келесі жылдың су тасқыны кезеңіне дайындықты бастау үшін арнайы жиналдық. Қазір біз тұрғын үйді қалпына келтіру және залалды өтеу бойынша барлық жұмыстарды уақтылы аяқтауымыз керек. Ең бастысы, зардап шеккендер күзге дейін баспанамен қамтамасыз етілуі керек. Көктемге дейін әлі алыс. Бірақ су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары күзде аяқталуы керек. Су тасқыны қателікті, орындалмаған жұмыстарды және жеткіліксіз қаржыландыруды кешірмейді», — деп атап өтті вице-премьер.

Қанат Бозымбаев ТЖ мен су ресурстары және ирригация Министрліктеріне су тасқынына дайындық және халықты апаттардан қорғау алгоритмін әзірлеуді тапсырды. Облыс әкімдіктері — су тасқынының алдын алу шараларын қамтамасыз етеді, барлық гидротехникалық және қорғаныс құрылыстарын тексеріп, айналма арналарды дайындайды. Қаржы министрлігі — әр өңірде төтенше резерв құру жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс. Ол тұрақты, төмендетілмейтін, келесі жылға ауысатын және тек төтенше жағдайларда қолданылуы керек.

Мәселен, республика аумағында 2024 жылғы жеті айда болған табиғи  және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы айтар болсақ, «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі пультіне халықтан 3 127 141 қоңырау келіп түсті.

ТЖМ күштерімен уақтылы ден қою шаралары қабылданды: 10 972 адамды құтқарды, 62 718 адамды эвакуациялады, зардап шеккен 3 510 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті, ТЖ орындарынан 930 адамның денесін шығарды, 51 165 рет дабыл бойынша, оның ішінде өртке 6 046, авариялық-құтқару жұмыстарына 12 654, өрт ретінде есепке алынбайтын жануға 19 010, көрінеу жалған шақыртуға 78, расталмаған жану фактілеріне 2 166, медициналық-психологиялық көмек көрсетуге 5 022, басқалары 6 189 шығу жасады; «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына ұшу жасады, өрттерді сөндіруге қатысу, жеке құрамды жеткізуге және басқа тапсырыстарға 1 444, оның ішінде санитарлық авиация желісі бойынша 191 ұшу кезінде 176 науқас тасымалданды.

Бұл ретте еліміздің 10 өңірінде (Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау) су тасқыны кезеңінде авариялық-құтқару жұмыстары барысында күштермен (ТЖМ, Қорғанысмині, ІІМ, ҰГ, СҚА, ҰҚК, ЖАО, ұйымдар) 120 008 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 354 мүмкіндігі шектеулі адам және 45 152 бала.

Бақылау профилактикалық қызмет шеңберінде өртке қарсы жай-күйге 13 831 тексеру жүргізілді, 87 236 бұзушылық анықталды, 14 374 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 470 лауазымды тұлғаға 67 429 мың теңге айыппұл салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде 420 профилактикалық бақылау, 125 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 16 528 бұзушылық анықталды, 149 объект тоқтатылды, 42 259 мың теңге сомаға 97 әкімшілік айыппұл салынды.

Азаматтық қорғаныс бойынша 140 профилактикалық бақылау және бұрын берілген нұсқамалардың орындалуы бойынша 70 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Қорытынды бойынша 1 983 бұзушылық анықталды, 22 бақылау субъектісі бұрын анықталған бұзушылықтарды жойды, 48 заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік бұзушылықтыр туралы материалдар жасалды, 26 209 мың теңге сомасына айыппұлдар салынды.

Соңғы жаңалықтар