#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды

Облыста төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту мақсатында алдын алу іс-шаралары алдын ала басталды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Ағымдағы жылы 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде облыстың 13 ауданында су тасқынына қарсы 55 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Жергілікті бюджеттен осы іс-шараларды іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда Алтай, Зайсан және Катонқарағай ауданында 4 іс-шара орындалды.

Зайсан ауданында Шалқар ауылында 1200 м қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді, Қарабұлақ ауылдық округінің Сәтбай ауылында су тасқынына қарсы бөгет жөнделді. Катонқарағай ауданында Берел ауылында Бұқтырма өзенінің түпті тереңдете отыра арнасын тазарту жұмыстары аяқталды. Алтай ауданында ұзындығы 800 метр Соловьев ауылдық округінің Маяк ауылындағы Центральная көшесіндегі су бұрғыш арық тазартылды.Сондай-ақ келесі іс-шаралар өткізіледі.

Глубокое ауданында Новоульбинка ауылында Кіші Үлбі өзенінде арнаны реттеу жұмыстары жүргізілуде. Өзен арнасы тазартылып, аспалы көпір аймағында тереңдету ұйымдастырылды. Тарханка ауылында Мехнина көшесінің ауданында жағалауның сызығы нығайтылды, бұл су тасқыны кезеңінде су деңгейі көтерілген жағдайда шайылып кетуден қорғауға мүмкіндік береді.

Алтай ауданында арналар тереңдетіліп, ұзындығы 5 мың метр Вторушка және Маслянская өзендерінің арналары тазартылады, бұталар кесіледі. Ұзындығы 100 метр Богатырево ауылында бөгет жөнделуде, Березовка өзенінің арнасы тазартылды және ұзындығы 1 мың метр Соловьево ауылының ауданында бөгет салынды.

Алматы облысы ТЖД қызметшілері және құтқарушылары ПД полиция қызметкерлерімен бірлесіп Қапшағай су қоймасында, атап айтқанда қалалық коммуналдық жағажайларда түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейд барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар, атап айтқанда түнгі уақытта шомылушылар анықталды. Аталған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес жалпы сомасы 38 мың 766 теңгеге 3 әкімшілік хаттама жасалды. Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша жағажай аумағында демалушылар байқалмады.

Сонымен қатар, рейд барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін жеткізу және жылу түсіргіштің есебінен түнде шомылушыларды анықтау үшін дрон пайдаланылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің базасында жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік мәселелері бойынша брифинг өтті. Аталған іс-шараның спикері ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дуйсен Оразгелды болды. Өз сөзінде ол облыс аумағында жаппай демалуға арналған 45 орын белгіленгенін атап өтті. Арыс қаласы, Ордабасы, Сауран, Бәйдібек аудандарында қосымша коммуналдық жағажай ашылды.  Шомылуға тыйым салынған су объектілерінде 111 орын анықталды.

Құтқару бекеттер, патрульдер жүзу құралдарымен, Александров ұштарымен, құтқару шеңберлерімен, жилеттермен, ысқырықтармен және дауыс зорайтқыш құралдарымен жабдықталған. Шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 6 мыңнан астам рейд жүргізілді, халықпен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, 130 мыңнан астам жадынама таратылды, 412-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке 57 жеке тұлға және 1 жеке кәсіпкер тартылды.

Статистика көрсеткендей, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның кінәсінен, өз күштерін қате бағалау, мас күйінде болу және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру нәтижесінде болады. Барлық адам өлімі шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелді. Соңында спикер азаматтар үшін, сондай-ақ ресми шомылу орындарының иелері үшін қауіпсіздік талаптарын жеткізді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде суға шомылу маусымында атқарылған жұмыстар мен қауіпсіздік шаралары туралы брифинг өткізілді. Спикер ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұржігіт Тұрғанбай. Жыл басынан облыс аумағындағы су айдындарында 21 адам қаза болды, оның 11-і бала. 8 адам құтқарылды. Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу болып табылады.

Өңірде 7 коммуналдық жағажай белгіленді, бұл Арал ауданында «Аққұмшық», Қазалы ауданында «Қашқан су», Қармақшы ауданында «Ғани Мұратбаев», Сырдария ауданында «Қалғандария», Шиелі ауданында «Бәйгеқұм», Қызылорда қаласында «Сыр самалы» және «Сыр толқыны». Облыста 18 стационарлық, 8 модульдік бассейн бар. Қосымша жеке кәсіпкерлердің жазғы демалыс орындарында 11 стационарлық бассейн бар.

Облыс аумағында жазғы демалыс уақытында 8 балалар лагері жұмыс жасады. Оның 7-еуі мемлекеттік, 1-еуі жеке. Департаменттің қызметкерлері лагердің нұсқаушыларымен бірге 4 мыңнан астам баланы жүзуге үйретті. Облыста суға шомылуға тыйым салынған 63 қауіпті аймақ бар, аталмыш  учаскелерге 398 ескерту тақтайшасы мен 92 билборд орнатылды.

Полиция департаменті, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ҚР Ұлттық Ұлан №5547 әскери бөлімі және еріктілерді тарта отырып, рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда. Рейдтік жұмыстарға дрондар пайдаланылуда. Әсіресе, түнгі мезгілде дрондардың көмегі өте көп.

Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 2112 рейд жүргізіліп, 71 мыңнан астам тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және үнпарақтар таратылды. Профилактикалық жұмыстарға 635 ерікті жұмылдырылды. Облыс аумағындағы рейд барысында ҚР ӘҚБК 412 бабына сәйкес белгіленбеген орындарға суға түскен жеке тұлғаларға 70 әкімшілік хаттама толтырылды. Ерекше атап кететін жәйт, Департаменттің қызметкерлері танымал азаматтармен бірлесіп, судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Соңғы жаңалықтар