#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өрт сөндіруші төтенше жағдайларға дайындықты күнделікті мұқият тексеріп отырады

Сырдария ауданы бойынша өрттер мен төтенше жағдайлар туралы шақыруларды Сырдария ауданы №12 өрт сөндіру бөлімі қабылдайды. Бөлімнің жауынгерлік есебінде 4 дана негізгі өрт сөндіру автокөліктері, яғни, өрт сөндіргіш автоцистерналары бар.

Ақпараттық құралдар да­­мыған уақытта жұрт­шылық арасында «өрт сөн­дірушілер өрт орнына сусыз келеді» деген қате пікір жиі кездесіп жүр. бұл адамдардың өрт сөндіру қызметінің жұ­мысы туралы толық біл­меуінен, өрт орын алған аймақтағы адамдар мен тұрғындардың сала жұ­мысынан бейхабар екен­дігінен таралуда.
Осы ретте, Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Сіздерге қысқаша ақпарат береді:
Сырдария ауданы бойынша өрттер мен төтенше жағдайлар туралы шақыруларды Сырдария ауданы №12 өрт сөндіру бөлімі қабылдайды. Бөлімнің жауынгерлік есебінде 4 дана негізгі өрт сөндіру автокөліктері, яғни, өрт сөндіргіш автоцистерналары бар. Өз кезегінде автоцистерналар автокөлік шассиіне, өтімділігіне, жабдықталған құрал-жабдықтары мен тасылмалдайтын өрт сөндіргіш заттардың көлеміне қарай әртүрлі. Мысалға алатын болсақ, АЦ-6-40 автоцистернасы Урал-4320 автокөлігінің базасындағы өтімділігі жоғары жол талғамайтын автокөлік, 6000 литр су мен 400 литр өрт сөндіруге арналған, көбік орналастыруға арналған цистернамен жабдықталған. Мұнда секундына 40 литр су беру мүмкіндігі бар су сорғысы (насосы) орнатылған, өрт басында өрт сөндірушілер РСК-50 жалпы қолданыста «Б» оқпаны деп аталатын секундына 3,7 литр су беру мүмкіндігі бар 2 оқпанмен жұмыс жасады деп шартты түрде есеп жүргізетін болсақ, цистернадағы су небәрі 12 минутқа жетеді. Ал Камаз-43118 автокөлігінің базасындағы АЦ-5-40 автоцистернасындағы 5000 литр суды толық тауысуға 15 минут уақыт жет­кілікті. Бұл «Б» оқпанынан басқа автокөліктерде РС-70, жалпы қолда­ныста «А» оқпанымен су берген жағ­дайда шамамен 6 минутқа ғана жетеді.
Бұл су беру мүмкіндігі жоғары су сорғыштар мен шығыны жоғары өрт сөндіру оқпандары лаулаған жалынның бетін дереу қайтаруға, жанудың таралуын болдырмауға, алыс орналасқан өрт ошақтарына өрт сөндіргіш заттарды беру үшін арналған. Осы жағдайдың барлығын ескере отырып өрт сөндірушілер өрт орнына келгенде бірінші кезекте қосымша күштер мен құралдарды шақыруды және де кедергісіз сумен қамтамасыз ету үшін қосымша су көздерін, өрт сөндіру гид­ранттарын, су қоймаларын, болмаған жағдайда, табиғи су көздерінен су алу мүмкіндігін қарастыруға кіріседі.
Тағы бір айта кететін дерек, автокөліктердің даярлығы мен олардағы өрт сөндіргіш заттардың толық болуы күнделікті қабылдап-тапсыру кезінде тексеріледі. Физика заңдарына сәйкес, суы толық болмаған автокөлік қозғалыс кезінде апатқа ұшырауы мүмкін. Себебі, бұрылыстар кезінде су шайқалып автокөліктің бір бағытына жиналады және оның аударылып қалу қаупін бірнеше есеге арттырады.
Сондықтанда, «қате» пікірде болмас үшін осындай ерекшеліктерді біліп, оған аса маңыз аударған жөн. Ал егерде өрт оқиғасының куәсі бола қалсаңыз дереу «101» немесе «112» нөміріне қоңырау соғып хабарлаңыз және өрт сөндірушілерді күтіп алуды ұсыныңыз. Сонымен қатар Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 сенім телефоны жұмыс жасайтынын ескертеміз.

Соңғы жаңалықтар