ТЖМ күштерімен уақтылы ден қою шаралары қабылданды. 10 972 адамды құтқарды, 62 718 адамды эвакуациялады, зардап шеккен 3 510 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті, ТЖ орындарынан 930 адамның денесін шығарды, 51 165 рет дабыл бойынша, оның ішінде өртке 6 046, авариялық-құтқару жұмыстарына 12 654, өрт ретінде есепке алынбайтын жануға 19 010, көрінеу жалған шақыртуға 78, расталмаған жану фактілеріне 2 166, медициналық-психологиялық көмек көрсетуге 5 022, басқалары 6 189 шығу жасады;
— «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына ұшу жасады, өрттерді сөндіруге қатысу, жеке құрамды жеткізуге және басқа тапсырыстарға 1 444, оның ішінде санитарлық авиация желісі бойынша 191 ұшу кезінде 176 науқас тасымалданды.
Бұл ретте еліміздің 10 өңірінде (Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау) су тасқыны кезеңінде авариялық-құтқару жұмыстары барысында күштермен (ТЖМ, Қорғанысмині, ІІМ, ҰГ, СҚА, ҰҚК, ЖАО, ұйымдар) 120 008 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 354 мүмкіндігі шектеулі адам және 45 152 бала.
Бақылау профилактикалық қызмет шеңберінде өртке қарсы жай-күйге 13 831 тексеру жүргізілді, 87 236 бұзушылық анықталды, 14 374 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 470 лауазымды тұлғаға 67 429 мың теңге айыппұл салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде 420 профилактикалық бақылау, 125 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 16 528 бұзушылық анықталды, 149 объект тоқтатылды, 42 259 мың теңге сомаға 97 әкімшілік айыппұл салынды.
Азаматтық қорғаныс бойынша 140 профилактикалық бақылау және бұрын берілген нұсқамалардың орындалуы бойынша 70 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Қорытынды бойынша 1 983 бұзушылық анықталды, 22 бақылау субъектісі бұрын анықталған бұзушылықтарды жойды, 48 заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік бұзушылықтыр туралы материалдар жасалды, 26 209 мың теңге сомасына айыппұлдар салынды.
Халықты оқыту және хабар беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 53 816, оның ішінде теле арналарында — 6 664, баспа басылымдарында — 11 836, радиода — 19 286, ақпараттық агенттіктер таспаларында — 16 030 баяндамалар өткізілді және материалдар жарияланды.
6 581 (-13,8%, 2023ж. — 7 633) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ мен оқиғалар тіркелді, 943 (-9,7%, 2023ж. — 1044) адам зардап шекті, соның ішінде 388
(-5,8%, 2023ж. — 412) адам қаза болды, су тасқынынан болған материалдық нұқсанды есепке алмағанда, материалдық нұқсан 3 002 млн. теңгені (-98,2%, 2023ж. — 166 478 млн. тг) құрады.
Техногендік сипаттағы ТЖ жалпы ТЖ санының 91% құрайды, 5 986 оқиға
(-8,8%, 2023ж. — 6 561) тіркелген, бұл ретте 614 (+13,5%, 2023ж. — 541) адам зардап шеккен, оның ішінде 247 (+2,5%, 2023ж. — 241) адам қаза болды.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың негізгі үлесі қоныстану аумағына тұрмыстық өрттерге 92 %, атап айтқанда 5 490 өртке (-6,9%, 2023ж. — 5 895) тиесілі, онда 357 адам зардап шекті (+0,6%, 2023г. — 355), соның ішінде 182 адам қаза болды (-8,1%, 2023ж. — 198), материалдық нұқсан 2 763 млн. теңгені (-13,5%, 2023ж. — 3194 млн. тг) құрады.
Өрттердің саны: Павлодар 31,9%-ға (2024ж. — 111, 2023ж. — 163), Солтүстік Қазақстан 30,4%-ға (2024ж. — 229, 2023ж. — 329), Қарағанды 30,1%-ға (2024ж. — 253, 2023ж. — 362), Жетісу 25,6%-ға (2024ж. — 163, 2023ж. — 219), Қостанай 23%-ға (2024ж. — 354, 2023ж. — 460), Абай 20,5%-ға (2024ж. — 372, 2023ж. — 468), Қызылорда 17,1%-ға (2024ж. — 218, 2023ж. — 263), Жамбыл 12,1%-ға (2024ж. — 394, 2023ж. — 448), Ақтөбе 9,5%-ға (2024ж. — 276, 2023ж. — 305) облыстарында азайды.
Өрттер саны: Манғыстау 16%- ға (2024ж. — 145, 2023ж. — 125), Алматы 15%-ға (2024ж. — 392, 2023ж. — 341), Батыс Қазақстан 9,4 %-ға (2024ж. — 336, 2023ж. — 307), Атырау 5,9%-ға (2024ж. — 162, 2023ж. — 153), Түркістан 5,6%-ға (2024ж. — 225, 2023ж. — 213) облыстарында, Шымкент қ. 54,2%-ға (2024ж. — 165, 2023ж. — 107) Алматы қ. 16,9%-ға (2024ж. — 388, 2023ж. — 332), Астана қ. 3,1%-ға (2024ж. — 394, 2023ж. — 382) өсуі байқалды.
Өрт туындайтын негізгі объектілер: тұрғын үй қоры — 59%, көлік құралдары — 23%, сауда кәсіпорындары — 4,5%, ашық аумақтар — 3,2%, ормандар- 2,8%, өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар — 1,6%, әкімшілік-қоғамдық ғимараттар — 1,6%, салынып жатқан нысандар мен құрылыс алаңдары — 1%, қойма ғимараттары — 1%.
Өрттің пайда болуының таралған себептері: электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын (ӨҚТ) бұзу — 50,1%, пештерді орнату және пайдалану кезінде ӨҚТ бұзу — 15,7%, отты абайсыз қолдану — 14,1%, анықталған әдейі өртеу — 4,7%, өрттің басқа себептері — 4,1%, тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану кезінде ӨҚТ бұзу — 3,7%, тікелей найзағай немесе олардың қайталама әсерлері-2%, балалардың отпен ойнауы — 1,7%.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ТЖ-ның жалпы санының 9%-ын құрай отырып, 595 оқиға тіркелді (-44,5%, 2023ж. — 1072), бұл ретте 329 адам (-34,6%, 2023ж. — 503) зардап шекті, оның ішінде 141 адам қаза болды (-17,5%, 2023ж. — 171). ТЖ-ның басым бөлігі табиғи өрттерге тиесілі 30,4% (-72,7%, 2024ж. — 181, 2023г. — 662), онда қаза тапқандар мен зардап шеккендер тіркелмеді.