#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Су айдындарында 1435 рейд жүргізіліп, 46 мыңнан астам адамға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Жандос Жүгінісов қатысуымен суға шомылу маусымындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен қауіпсіздік шаралары туралы брифинг өткізілді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты. 

Жыл басынан су айдындарында 15 адам қаза болды, оның 10-ы бала,  5 адам құтқарылды. Су  айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады.

Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 1435 рейд жүргізіліп, 46 мыңнан астам адамға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және жадынамалар таратылды. Сондай-ақ аталмыш профилактикалық жұмыстарға 575 еріктілер (волонтёр) жұмылдырылды.

Облыс аумағындағы рейдтер барысында ҚР ӘҚБК 412 бабына сәйкес (су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау) белгіленбеген орындарға суға шомылған жеке тұлғаларға 33 әкімшілік хаттама толтырылды.

Қызылорда облысының Полиция департаментімен бірлесіп, ҚР ҚР ӘҚБтК  туралы Кодексінің 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 107 адамға ескерту шарасы көріліп, жоғарыда аталған кодекстің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша 2914 азаматқа әкімшілік шара берілді.

Соңғы жаңалықтар