#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша баспасөз конференциясы өтті

ТЖД  Азаматтық қорғаныс басқармасы  бастығының міндетін уақытша атқарушы майор Думан Кудешов су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік беретін алдын алу шараларын өткізу туралы айтты.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында шомылу кезеңінде су айдындарында қауіпсіз демалысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

ТЖД  Азаматтық қорғаныс басқармасы  бастығының міндетін уақытша атқарушы майор Думан Кудешов су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік беретін алдын алу шараларын өткізу туралы айтты.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі алдын алу қызметі құзыретіне кіретін жергілікті атқарушы органдармен және тиісті ұйымдармен, сонымен қатар мекемелермен бірлесіп жүргізіледі.

Бірақ ыстық, шуақты күндердің басталуымен Талас өзенінің жағасын айналып өту кезінде екі кәмелетке толмаған қыз құтқарылды.  Сондай-ақ, 23 жастағы азамат баланы қалалық дренаждық каналдан құтқарды. Бұл жағдайлар судағы қауіпсіздік шараларын сақтамау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді.

Су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пилотсыз ұшу аппараты қолданылатынын атап өткен жөн.

Соңында спикер азаматтарды өмір қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға, оның ішінде балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар