Қазақстан Республикасындағы 2024–2026 жылдарға арналған волонтерлік қызметті дамыту және қолдау жол картасы аясында ТЖМ ТЖ жою департаменті мен Қостанай облысының ТЖД бірлесіп төтенше жағдайларды жою саласында волонтерлердің мобильді тобын құру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруда.
Қостанай облысы ТЖД негізінде волонтерлік ұйымдармен пилоттық жобаның бағдарламасы және оны жүзеге асыру бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – волонтерлердің төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдылары мен білімдерін арттыру, сондай-ақ әртүрлі төтенше жағдайлар кезіндегі жүйесіз волонтерлікті азайту.
Волонтерлерді оқыту бағдарламасы ТЖМ кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін оқыту бағдарламасына ұқсас әзірленді.
Бұл жобаны АӨСШК волонтерлік қозғалыстар көшбасшыларының слеті аясында «ТЖ салдарын азайтудағы волонтерлік қоғамдастықтың рөлі» панельді сессиясында таныстыру жоспарлануда.
Пилоттық жоба іске асырылғаннан кейін дайындық бағдарламасы волонтерлердің ұқсас мобильді топтарын құру үшін еліміздің өңірлеріне жіберілетін болады.