ТЖД қызметкерлері өрттің алдын алу бойынша тұрғындармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Мамыр айы жылы ауа-райымен ерекшеленбейді. Сондықтан пешті жылыту, электр аспаптары мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде
өрт қаупсіздік ережелерін сақтау, балалардың отпен араласуына жол бермеу мәселелері өзекті болып қала береді.
Департаменттің жеке құрамы жыл басынан бері 54 мыңға жуық адамды қамти отырып, 22 мыңнан астам аула аралау жүргізді, 360 адамды қамти отырып, тұрғындармен 15 жиын ұйымдастырды. Профилактикалық іс-шаралар барысында халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертіледі, ТЖ және өрт туындаған кездегі іс-қимылдар түсіндіріледі.
Сонымен қатар, оларды орындау оңай екендігіне, оларды сақтау өрт пен адам өлімі қаупін едәуір азайтатына назар аударылады. Ғимараттың жанатын бөліктері (жабын, қалқа) пештер мен түтін мұржаларына жанатын жерлерде пештің (түтін мұржасының) ішкі бетінен жанатын конструкцияға дейін қалыңдығы 38 см жанбайтын кесу орнатылуы тиіс. Пештер мен түтін мұржаларының, электр сымдарының жарамдылығын үнемі қадағалап отыру және жарамсыз болып қалған сым учаскелерін уақтылы ауыстыру, тек зауытта жасалған сақтандырғыштарды пайдалану қажет.