Қостанай облысы ТЖД басшысы Дамир Ермағамбетов құтқарушыларға көмек көрсетуге қосқан үлесі үшін қостанайлықтарды марапаттады.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың атынан батырлық ерлігі үшін қызды өрттен аман алып қалған Артем Федоров алғыс хатпен және естелік сағатпен марапатталды. Оқиға 2 маусым күні қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. 5-ші қабаттағы пәтерден түтін шығып жатқанын көрген Артем, пәтердегі қызды иығына асып баспалдақпен түсіп, таза ауаға шығарды.
Салтанатты шарада сондай-ақ, «Резерв» РМК филиалының басшысы Сағынай Талқанов, «Олжа Астық» ЖШС басшысы Арман Исеев, «Қостанай-Су» мемлекеттік өнеркәсіп кешенінің басшысы Қазбек Шалабаев, Ербол Тастанов «ҚТЖ» ҰК» АҚ МӨСҚ өрт сөндіру пойызының басшысы және басқа да батырлар атап өтілді. Олар Қостанай қаласындағы макулатура қоймасындағы ірі өртті сөндіруге белсенді азаматтық ұстанымы, жанқиярлығы және көмек көрсеткені үшін ТЖД бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұл адамдардың барлығы өздерін жақсы маман ретінде ғана емес, сонымен бірге қиын жағдайда көмектесуге дайын жауапты және азаматтық тұлға ретінде көрсетті.