22 жастағы жас кәсіпкер жаңа бизнес-идеясын ұсынып, «Бастау бизнес» жобасы аясында мемлекеттік грант иегері атанған. 2023 жылдың сәуір айында 1 380 000 теңге көлемінде тиісті қайтарымсыз қаражат алып, бүгінде раушангүлдер тұқымдасына жататын сондай-ақ жартылай бұталы көпжылдық өсімдіктерді өсіруде.Соның ішінде Жеке кәсібін дамытуға бел буған ерекше көзге түскен «Бақдаулет» шаруа қожалығының төрағасы Турабек Бақдаулет Асланбекұлы. Бұрын ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін су жаңа ауыл шаруашылық техникасын алуды армандапты. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаның көмегімен осы арманын ойдағыдай іске асырды. Әуелі, «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша білімін жетілдірді. «Кәсіпкерлік мектебі» мамандарының көмегімен Бизнес жоспарын әзірлеп, ауданымызда орналасқа «Түлкібас» несие серіктестігіне құжаттарын өткізген болатын. Азғана уақыт ішінде қомақты қаржыға ие болып, «Агротехника» бағдарламасы аясында су жаңа екі ауыл шаруашылық техникасына ие болды. Бүгінде 3 азаматты жұмыспен қамтып, ауыл шаруашылығының дамуына септігін тигізуде. Бақдаулет алдағы уақытта шаруасының қарқынды дамуына, ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға септігін тигізуге жұмыс істемек.

