#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Еңбек жолы» байқауында түрлі салалардағы Қазақстанның үздік жас мамандары анықталды

Қазақстанда 2016 жылдан бастап жыл сайын «Еңбек жолы» республикалық байқауы өткізіледі.  Ол еліміздегі Еңбек күнін мерекелеуге орайластырылған және «Еңбек адамына» құрмет көрсетуге арналады.

Байқау номинацияларының бірі – «Өндірістің үздік жас маманы». Лауреаттар жастар арасындағы еңбек өтілі 5 жылға дейінгі өндірістің екпінділері болып табылады.

2019 жылы осы номинация бойынша конкурстың жеңімпазы Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов аудандық ауруханасының жалпы практика дәрігері Юлия Шевченко болды. Қысқа мерзімде ол өзін жұмысына жауапкершілікпен және адалдықпен қарайтын жоғары білікті маман ретінде көрсетті.

Ал 2021 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Тайпақ электр желісі Құрылысай учаскесінің электромонтері Рафхат Аяпов Өндірістің үздік жас маманы атанған болатын. Бір кездері туған ауылында электромонтер мамандарының жетіспеушілігін көрген Рафхат осы мамандықты меңгеруге шешім қабылдайды.

Өткен жылы аталған номинация бойынша Павлодар облысындағы «Восточный» көмір разрезінің учаскелік геологы Наурызбек Дакен лауреат атанды. Жеңіске жеткен жас жігіт кәсібіне құрметпен қарайтынын және маман ретінде өзін одан әрі жетілдіретінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Еңбек жолы» байқауы еңбек етуге ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және жұмысшы әулеттердің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.

Конкурс үш номинация бойынша өңірлік және республикалық деңгейде екі кезеңнен өтеді: «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаты ең көп әулет; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер; «Өндіріс үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.

Биыл конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен 591 өтініш түсті.

Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы жақын арада белгілі болады. 2023 жылғы «Еңбек жолы» жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін осы жылдың қыркүйек айының соңында өткізу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар