#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстанның әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қарсаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (бұдан әрі – БҰҰДБ) өкілдігі Семей қаласында «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүйесін дамыту.

Инновациялық тәсілдер». Іс-шараның негізгі мақсаты – Әлеуметтік кодексті іске асыру контекстінде мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қызмет көрсету, оңалту, құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жүйелерін дамыту перспективаларын талқылау.

Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығының алаңында өтіп жатқан семинарға 130 адам қатысты, оның ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова, Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев, Әлеуметтік қорғау саласын дамыту ұлттық ғылыми орталығы бас директорының орынбасары Шолпан Бөлекбаева, сондай-ақ барлық өңірлерден жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталықтарының, Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаменттерінің өкілдері бар.

Іс-шарада сөз сөйлеген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс қолданысқа енгізілді. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар іске асырылуда. БҰҰ-ның мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық қорғау конвенциялары ратификацияланды.

Елімізде ынтымақты және мемлекеттік кепілдіктерге негізделген көп деңгейлі әлеуметтік қолдау жүйесі жұмыс істейді. Биыл мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға республикалық бюджетте 550 млрд теңге қарастырылған, бұл өткен жылғы шығындардан 74 млрд теңгеге артық», – деді Назгүл Сағындықова.

Вице-министр сондай-ақ Еңбекмині әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі тұрақты жұмыс аясында мүгедектігі бар адамдарды қолдау және қоғамға интеграциялау үшін маңызды болып табылатын бірнеше негізгі бағыттарға назар аударғанын атап өтті. Олардың ішінде: Әлеуметтік қызметтер порталын жетілдіру; еліміздің 5 өңірінде сыйымдылығы шағын үйлерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (бұдан әрі – АӘҚ) бойынша пилоттық жобаны  іске қосу; 8 өңірде аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған күндізгі болу орталықтарын ашу; арнайы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2025 жылдан бастап АӘҚ стандарттарын қайта қарау және жан басына шаққандағы норматив енгізу; республикалық деңгейде АӘҚ көрсету орталықтарының бюджетін шоғырландыру; оларды оқыту, санаттау және сертификаттау арқылы әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін қайта қарау; 2025 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.

Еңбекмині Әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары Гаухар Қалмақова семинарға қатысушыларға мүгедектігі бар адамдарды оңалту жүйесін дамыту және елдегі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық көмекші компенсаторлық құралдарымен, оның ішінде микрореабилитациялық орталықтарды дамыту аясында қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру туралы Әлеуметтік қорғау саласын дамыту ұлттық ғылыми орталығы бас директорының орынбасары Шолпан Бөлекбаева айтты.

Өз кезегінде, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарма басшысы Айгүл Халденова Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы және оны одан әрі дамыту мәселелеріне баса назар аударды. Ол сондай-ақ Порталдың мобильді нұсқасы ALEUMET қосымшасын таныстырды, оны мүгедектігі бар адамдар өз смартфондарына Google Play, App Store-дан жүктей алады.

Республикалық семинардың екінші күнінде секциялық отырыстар өтеді, онда Еңбекмині мен БҰҰДБ мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен абилитациялаудың ұлттық жүйесін дамыту саласындағы инновациялық тәсілдер мен шешімдерді қамтитын жобалары таныстырылады. Атап айтқанда: АӘҚ көрсету орталықтарының бірыңғай электрондық жүйесі; оқу-жаттығу пәтерлерін (мүгедектігі бар адамдардың өз бетінше ілесіп тұру технологиясы), Астана қаласында кәсіптік оңалту орталығын (ерекше қажеттіліктері бар адамдарды ілесіп жұмысқа орналастыру) құру жөніндегі жобалар; «Инклюзивті қала» бағдарламасының жобасы таныстырылады.

Іс-шара өңірлер арасында тәжірибе алмасу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау жүйесіндегі проблемалық мәселелерді талқылау үшін тиімді алаңға айналды.

Соңғы жаңалықтар