#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тоқаев 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Заңға сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • ең төменгі жалақы 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы — 46 302 теңге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 3 063 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері — 36 018 теңге.

Заң 2022 жылы күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар