Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев мәлім етті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Қазір жалған вакцина паспортын жасауға жол бермеу үшін барлық екпе бекетінде бейнебақылау камералары орнатылды. Медицина қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соған қарамастан, облыс әкімдігі және полиция департаментімен бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде медбикенің жалған вакцина паспортын жасағаны анықталды. Бұл – жемқорлық қана емес, халықтың денсаулығына қауіп төндірген әрекет», дейді Қайсар Абдалиев.
Қазір кіші буын медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.