Ел аумағында жүргізілген «Дәрмек» операциясы барысында 40 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz. басылымына сілтеме жасап.
Ведомство өкілінің дерегінше, есепке алынған препараттарды рецептісіз босатудың 56 фактісі анықталып, 12 тонна прекурсордың айналымы шектелді. Операция барысында 21 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
«Сақтау талаптары бұзылған немесе құрамында есірткі бар сатылымдағы барлық препараттар айналымнан алынды. Атап айтқанда, 2 мыңнан астам есірткі құралдары ампуласы, 1600-ден астам таблетка және 1800 психотроптық заттар ампуласы тәркіленді. Барлық анықталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.