#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанда адам сату ісі 2 есе артқан

Қазақстанда биыл адам саудасына байланысты қылмыстар 2020 жылға қарағанда екі есе көп тіркелген.

Қазақстанда биыл адам саудасына байланысты қылмыстар 2020 жылға қарағанда екі есе көп тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Адам сатуға байланысты 68 қылмыс тіркелді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Біз полицейлердің назарын рейдтік іс-шаралар үшін адамдардың трафигіне ең қолайлы жерлерге аударамыз. Бұл негізінен жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар (57 пайыз немесе 39 қылмыс). Бұдан басқа, шалғай шаруашылықтар, жайылымдар, қыстаулар назардан тыс қалмайды», — деді Шалабаев ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, адам саудасына қарсы тұруда тұрғындардың қырағылығы маңызды рөл атқарады. Қаскүнемдер жастарға шетелде жұмыс беруге, жоғары табыс табуға уәде беретін де жағдайлар барын ескертті.

«Мысалы, осы айда халықаралық қылмыстық топқа қатысты іс сотқа жіберілді, оның мүшелері Қазақстаннан Бахрейнге 38 қызды алдап апарып, онда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткен», — деді Серік Шалабаев.

Соңғы жаңалықтар