#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан әкімі Илон Маскқа ұсыныс жасады

Түркістан әкімі Рашид Аюпов Twitter-де Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маскқа ұсыныс жасады.

Түркістан әкімі Рашид Аюпов Twitter-де Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маскқа ұсыныс жасады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол америкалық миллиардерге Түркістанда Tesla зауытын салуды ұсынды.

«Зауыт Қазақстанда, Түркістан қаласында Байқоңыр ғарыш айлағы маңында болуы тиіс. Бізде Менделеев кестесіндегі бүкіл элемент бар. Қала Жібек жолы өтетін жерде орнасақан және т.б. Барлық инфрақұрылым мен арнайы экономикалық аймақтар бар. Түркістан Tesla үшін қолайлы. Марсқа бірге жетейік! Құрметпен қала әкімі Рашид Аюпов», — деп жазды әкім.

@elonmusk#Factory should be in Kazakhstan, Turkistan city nearby Baikonur cosmodrome. Have all elements of the Mendelevium, Silk way road etc. All infrastructure and special economic zones. Turkistan is best for #Tesla, Let’s get Mars together! Best regards, Mayor Rashid Ayupov

— Rashid Ayupov (@Rashid_Ayupov) May 23, 2021

Бұған дейін америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға, Ресейге және ТМД-ның басқа елдеріне Tesla ресми түрде келетінін айтқан болатын.

«Біз жақында Ресейде боламыз, ал Tesla Ресейге ресми барады. Бұл керемет болар еді. Сондай-ақ, Қазақстанға, ТМД елдеріне кеңінен қарау керек», — деді Маск ресейлік «Новое знание» марафонында бейне байланыс арқылы.

Соңғы жаңалықтар