Бір айдың ішінде баға азық-түлік және азық-түлік емес тауарларына 1 пайыздан, ал ақылы қызметтерге 0,5 пайыз жоғарылады, деп хабарлады ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Минералды және ас су – 2, салқындатылған сусындар – 0,9, алкогольды сусындар 0,7 пайыз қымбаттады. Бағаның төмендеуі қиярға – 9,6, апельсиндерге – 1,5, қызанаққа – 1,1, күрішке 0,6 пайыз тіркелді.
Баға өсімі тұрмыстық аспаптарға – 2, жеке қолданылатын тауарларға, шыны және қыш бұйымдарға, құрылыс материалдарына – 0,7, автомобильдерге – 0,6, тоқыма бұйымдарына – 0,5, жуғыш және тазалағыш құралдарға, киім және аяқ киімге 0,4 пайызды құрады.
Жанармай – 6, ал дизель отыны 0,9 пайызға қымбаттады. Баға деңгейі монша қызметтеріне – 1,9, санаторийлер қызметтеріне – 1,8, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 1,2, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 1,1, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне – 0,7, интернет желісі қызметтеріне – 0,6, қонақ үйлер қызметтеріне 0,5 пайыз жоғарылады.
Жолаушылардың темір жол көлігімен жол жүру ақысы – 0,8, әуе көлігімен 0,9 пайыз қымбаттады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға 1,2 пайыз жоғарылады.