#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыда сауда орталығына мина қойылды деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде бомба қойылды деген ақпарат тарады.

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде бомба қойылды деген ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті жағдайға түсінік берді , — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бомба туралы ақпарат Instagram-парақшада жарияланды.

«Март» сауда және ойын-сауық орталығында бомба қойылды деген күдік бар», — делінген жазбада.

Алматы полиция департаменті өкілдері оларға осы сауда орталығында қойылған жарылғыш зат туралы хабарлама түскенін айтты.

«Бұл хабарламаға қаланың шұғыл қызметтері қауіпсіздік шараларын қабылдады. Ең алдымен қызметкерлер арасынан 40-қа жуық адам эвакуацияланды, келушілер болған жоқ себебі әлі ашылмаған, қазіргі уақытта саперлер тексеріс жатыр, қабылданған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», — деді ПД өкілдері.

Кейін тексеру аяқталғаны белгілі болды, жарылғыш зат табылған жоқ. Ақпарат әлі расталмады.

Соңғы жаңалықтар