#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

Алматыда 59 жастағы әйел өліммен аяқталған жол апаты үшін сотталды.

Алматыда 59 жастағы әйел өліммен аяқталған жол апаты үшін сотталды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Бостандық ауданында орын алды.

– С.М.Танекеева азаматша, «Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігін басқара отырып, Есқараева көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесімен қиылысқанда, «жол беріңіз» белгісінің әрекетін елемей, жол қиылысына шығып кетіп, сол жерде Розыбакиев көшесімен солтүстікке қарай жүріп келе жатқан «Lexus GX-300» маркалы автокөлікпен соқтығысып қалды. Соққы нәтижесінде «Lexus» инерциямен жол жиегінде тұрған төрт жаяу жүргіншімен соқтығысты. Олардың бірі – 1992 жылы туған азаматша, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір жаяу жүргінші – 1994 жылғы азамат ауруханада көз жұмды. Басқа зардап шеккендер медициналық мекемелерге жатқызылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Әбдрахманов.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша жүргізілді. Жүргізілген тергеу әрекеттері, сондай-ақ, сараптамалық зерттеулер С.Танекееваның кінәсін дәлелдеді. Алматы қаласының Бостандық аудандық сотымен әйел адам екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы үшін кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар