Алматы тауларында әйел өлі табылды. Ақпарат бастапқыда әлеуметтік желілерде пайда болды. Кейін Алматы полиция департаменті мәлімет берді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы тауларында мәйіт табылғаны туралы ақпарат желіде пайда болды. Kris.p.almaty Telegram-арнасы өз оқырмандарының бірі таңғы жаттығу кезінде белгісіз әйелдің денесін байқап қалғанын жариялады.
«Ол бірден 102 нөміріне қоңырау шалған. Оқиға орнында полиция мен дәрігерлер жұмыс жүргізіп жатыр», — делінген Telegram-арнасындағы жазба сипаттамасында.
Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі 23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағынан белгісіз әйелдің мәйіті табылғанын хабарлады.
«40-45 жастағы белгісіз әйелдің денесі табылды. Жеке басы туралы деректер анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді Алматы ПД өкілдері.
Бұған дейін, 2020 жылғы 31 мамырда Алматы тауларында жоғалған турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылған еді.