Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджерлері ұсталды

Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджерлері ұсталды.

Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджерлері ұсталды. Ақпаратты ҚР Қаржы мониторингі агенттігі растады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Delta Bank» АҚ бұрынғы топ-менеджерлері ұсталды. Олардың арасында директорлар кеңесінің төрайымы Галина Шалғымбаева, басқарма төрағасы Нұрбол Самзаев, басқарма мүшесі Кенжегүл Қанатпаева бар.

«Иә, бұл адамдардың ұсталғаны рас. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», — деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 2017 жылы 3 қарашада «Delta Bank» АҚ-ның банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаруға лицензиясынан айырылғаны белгілі болған.