#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

СҚО-да 15 тонна дән тиелген жүк көлігі аударылды

Петропавлдан 70 шақырым жерде 15 тонна дән тиелген жүк көлігі аударылды.

Петропавлдан 70 шақырым жерде 15 тонна дән тиелген жүк көлігі аударылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Есіл ауданында Чириковка ауылының маңында «Volvo» жүк көлігінің жүргізушісіне көмек қажет болды. Ол Тимирязевоға 15 тонна дән тасымалдап бара жатқанда жыраға түсіп кетіп, бүйірімен аударылған. Түнде оған ешкім жете алмаған. 19 ақпанда таңғы сағат 4-тен бастап «Қазақавтожол» ЖШС техникасы жол тазалауға шығып, полицейлер тасжолды тексеруге кірісті.

«Volvo жүргізушісіне көмектесу үшін олар «Агрофирма Сельская» ЖШС директоры Серік Женапиновқа жүгінді. Ол «Manitou» тиегіші мен «К-700″ тартқышын берді, сондай-ақ жүргізушіге ыстық түскі ас пен термос беріп жіберді. Тәртіп сақшылары тасымалдаушы жіберген екінші жүк көлігіне тұқымдарды қайта тиеуге көмектесті, содан кейін Volvo жолға шықты», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар